Ресейдің ауыл шаруашылығын бақылау федералдық қызметі Қазақстанда жаппай қырылып жатқан киіктерге байланысты аса алаңдаушылық танытты, - деп хабарлайды РИА Новости. Ресейлік ведомстводағылар Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығының киіктер пастереллезден қырылып жатыр деген мәліметіне қатысты түсінік берді.

Еске сала кетейік, Қазақстанда қырылған киіктердің саны 112 475-ке жетті. "Осыған байланысты Ресейдің ауыл шаруашылығын бақылау федералдық қызметі киіктердің жаппай қырылуына аса алаңдаушылығын білдіреді, аусыл, ұсақ күйіс қайыратын жануарлар обасы, сонымен қатар, қойлар мен қозылардың шешегі сынды қауіпті дерттер жаппай қырылу себептерінің бірі ретінде бейберекет тарауы мүмкін, себебі жануарлар бұл дерттерден ада емес Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының аумағына қоныс аударады", - деп хабарлады федералдық қызмет. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің 2015 жылы Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында киіктердің жаппай қырылу себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құруды тапсырғаны белгілі болып отыр.
Еске сала кетейік, киіктер 11 мамырдан бастап жаппай қырыла бастады. ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қызметкерлері сол күні Қостанай облысы Амангелді ауданы Жолабай аумағында белгісіз себептен мерт болған шамамен 100 киіктің ұшасын тапты. Бір айдың ішінде олардың саны мың еседен артты. Киіктер қырылмай тұрғанда Қазақстанда олардың саны 300 мыңнан жоғары болған.