Ресейлік зымыран БҚО аумағындағы ауылдың маңына құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік зымыран БҚО аумағындағы ауылдың маңына құлады Шұнғай ауылы маңына құлаған ресейлік зымыранның бөлшектері uralskweek.kz сайтынан алынды

Ресейлік зымыран Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданы аумағында орналасқан Шұнғай ауылы маңына құлады, деп жазады "Уральская неделя".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік зымыран Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданы аумағында орналасқан Шұнғай ауылы маңына құлады, деп жазады "Уральская неделя".

Басылымның хабарлауынша, зымыран наурыздың 27-cі күні ресейлік "Капустин Яр" әскери полигонынан ұшырылған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Ауыл тұрғындары айтқандай, жергілікті уақытпен 01.00 сағатта ауыл маңында қатты жарылыс болып, жер сілкінген. Тұрғындар сыртқа шыққанда ауылдан 300-400 метр қашықтықта лаулап жанып жатқан отты көрген. Арада бірнеше сағат өткенде ауылға полицейлер мен әскерилер келіп, ресейлік зымыран құлаған жерді қоршауға алған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ресейлік зымыран құлардың алдында үшке бөлініп кеткен. Дәл қазіргі уақытта ауылда ресейлік әскерилер жүр. Ресейлік зымыранның қалдықтарын шығару жайы қарастырылуда.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети