06 сәуір 2016 | 09:20

Ресейліктер отырған Hummer Қызылорда автожолында аударылып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейліктер отырған Hummer Қызылорда автожолында аударылып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ресейліктер отырған Hummer Қызылорда автожолында аударылып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"5 сәуірде шамамен 06.10-да облыстық ІІЛ Жедел әрекет ету орталығының пультіне Шымкент-Самара трассасында болған жол-көлік оқиғасы жайлы хабарлама келіп түсті. Осы дерек бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы жөнелтілді, оның қорытындысында, "Hummer - Х2" маркалы көліктің жүргізушісі, Ресей Федерациясының азаматы тізгінге ие бола алмай қалып, аударылып кеткені анықталды. Салдарынан 1985 жылғы жүргізуші мен 1988 жылғы жолаушысы Қалалық ауруханаға жеткізілді. Осы дерек бойынша тексеріс жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады полициядағылар. 

Зардап шеккендердің айтуынша, жол апаты болған күні олар Мәскеуден Ташкентке қарай жол жүріп бара жатқан. Hummer жүргізушісінің алған жарақаты жеңіл, ол қазір нейрохирургия бөлімшесінде, дәрігерлер оны үйіне шығармақ. Жолаушы да ауыр жарақат алмады. Ресейліктердің айтуынша, олар бұл жол апатынан аман шыққанына әлі күнге сене алмай жүр екен, себебі көлік қатты бүлінген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети