Осыдан бірнеше күн бұрын Риддер ауруханасына ішімдіктен уланудың ауыр дәрежесімен үш бала жеткізілді, олардың ең кішісі - 7 жаста, - деп хабарлайды YK-news.kz.
Осыдан бірнеше күн бұрын Риддер ауруханасына ішімдіктен уланудың ауыр дәрежесімен үш бала жеткізілді, олардың ең кішісі - 7 жаста, - деп хабарлайды YK-news.kz.
Жергілікті ішкі істер бөлімінің мәліметінше, соңғы күндері бірнеше оқиға тіркелді. Осыдан үш апта бұрын 12 жастағы риддерлік қыз 16 жастағы құрбысының үйіне барып, қыздар шарап ішіп көруді ұйғарған. Шарап жас ағзаға бірден әсер етіп, оқушы қызға жедел көмек қажет болды. Қыз "орташа дәрежелі мастық" диагнозы бойынша қалалық ауруханаға түсті.
Оқиғадан кейін екі күн өткенде қалалық аурухананың балалар бөліміне ішімдіктен уланған тағы екі бала жеткізілді. Ауруханаға ішімдіктен уланудың ауыр дәрежесімен алдымен 13 жастағы жасөспірім, ал бірнеше сағаттан кейін дәл осы диагнозбен тағы бір бала түсті. Ұл баланың жасы - жетіде.
Дәрігерлердің айтуынша, балалар түнімен жансақтау бөлімінде жатқан. Олар үш тәулік бойы ішімдіктен уланудан емделді.
"Ұлдар өз-өздеріне келгеннен кейін жағдайды дәрігерлер мен ата-аналарына түсіндіріп беруден бас тартты. Алайда олардың арақты бірге ішпегендерді анықталды. Құқыққорғаушылардың сөзіне қарағанда, бұл жайт үшін балалардың ата-аналары жауап береді. Полицейлер балалардың аналары мен әкелеріне қатысты хаттама толтырып жатыр", - делінген жарияланымда.
Айта кетейік, 15 жастағы қызға арақты 21 жастағы танысының ұсынғаны белгілі болды. Енді ол әкімшілік құқық бұзғаны үшін заң алдында жауап береді.