Риддерде бір әйелді Интернет арқылы танысқан жігіті ұрып, тонап кетті, - деп хабарлайды YK-news.kz.
Риддерде бір әйелді Интернет арқылы танысқан жігіті ұрып, тонап кетті, - деп хабарлайды YK-news.kz.
Порталдың мәліметінше, әлеуметтік желі арқылы танысқан екеу бір-біріне қоңырау шалып, сөйлесе бастаған. Алайда әйел Риддерде, ал ер адам Өскеменде тұрыпты. Бірқатар уақыт өткенде әйел ер адамды Риддерге шақырып, 33 жастағы танысы қонақ болуға келіскен. Кездесуге бірнеше сағат кешігіп, мас күйінде барған ол әйелге дөрекі сөйлеп, жағымсыз қылық танытқан.
"Әйел онымен бірге сыра ішкен, ал өскемендік танысы бір тиынсыз келіпті. Ол әйелге қонақүйден номер алып беріп, өзімен бірге сонда баруын меңзеген. Сонымен қатар, Өскеменге дейін такси жалдап, ақысын төлеуді талап етіпті. Алайда оның талаптарынан бас тартқан әйелдің бетінен ұрған ол сөмкесін ала қашқан", - делінген жарияланымда.
Әйелдің сөмкесінде банк карточкалары, ақша мен сақина болған. Полицияға шағым түсірген әйелдің сөзіне қарағанда, сәтсіз кездесудің салдарынан оған 90 мың теңге шығын келіпті. Ер адам Өскеменде ұсталып, іс сотқа дейін жетті. Сотта тонау әрекетін жоққа шығарған ол әйелдің бар шығынды өзі өтеймін деп сөз беріп, уәдесінде тұрмағанын айтқан. Сонымен қатар, әйелдің суреттегідей әдемі болмай шықпағанына қапаланып, бетінен ұрғанын айтты. Алайда тергеу барысында ер адамның бұған дейін үш рет тонау бойынша, бір рет көлік айдап әкету бойынша істі болғаны анықталды. Осыған байланысты сот оны алты жылға соттады.