Риддерде екі жұмысшы үш баланы өрттен құтқарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Риддерде екі жұмысшы үш баланы өрттен құтқарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт таңертең балалардың әкесі жұмысқа кеткеннен кейін басталған. Ал аналары түнгі ауысымнан үйіне оралуы тиіс болыпты. Үйде қалған балалардың ең үлкенінің жасы 8-де.
"8 жастағы қыз төрт жасар інісі мен екі жасар сіңлін қарап қалған. Ол түтіннің иісін сезген сәтте дәліздің есігін ашқан және қою түтінді көрген. Қатты шошып қалған қыз екі баланы арғы бөлмеге кіргізіп, терезені ашпақшы болды, бірақ мұнысынан түк шыппаған олар көмек сұрап бар дауыстарымен айқайлаған", - дейді баспасөз қызметіндегілер.
Сол сәтте көрші үйде екі жұмысшы жүріпті. Мамандардың айтуынша, олар базаларына кетуге дайындалып, бірер минутта жұмыстарына шығуы тиіс болған. Олар балалардың дауысын естіп, көмекке барды. Екі ер адам балаларды үйден алып шығу үшін терезені шаққан. Өртсөндірушілер жеткенше тілсіз жау бірқатар аумақты шарпып үлгерді. Өрттің жалпы аумағы - 54 шаршы метр. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт электр өткізгіштерден шыққан. Қазіргі таңда балалар қауіпсіз жерде, олар зардап шеккен жоқ, ал өрт толық ауыздықталды.