Риддерде ер адам полицейдің қолынан тістеп, киімін жыртқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Риддерде ер адам полицейдің қолынан тістеп, киімін жыртқан

Шығыс Қазақстан облысында ер адам полицейдің саусағынан тістеп алып, үстіндегі жилетін жыртқан. Бұл әрекеті үшін Риддер қаласының соты оны бас бостандығынан шектеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс материалы бойынша, әйелі мен күйеуі ұрсысып қалып, әйел полиция шақыртқан. Содан ол оқиға орнына келген полицейлердің екеуін әйел кіргізіп, күйеуінің ұйықтап қалғанын айтады. Тәрітп сақшылары ер адамды оятқан, осы кезде ол қатты ашуланып, бір полицейдің саусағынан тістеп алады. Қарсылық көрсету кезінде ол полицейлердің жилеттерін жыртып тастаған. Тәртіп сақшылары ер адамды күшпен алып кетуге мәжбүр болды. 

Ашуын ұстай алмайтын ер адам билік өкіліне қатысты күш қолданғаны үшін жауапқа тартылды. Ол бас бостандығынан айырылып, қоғамдға пайдалы жұмыстар атқаруға мәжбүр болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети