Шығыс Қазақстан облысында ер адам полицейдің саусағынан тістеп алып, үстіндегі жилетін жыртқан. Бұл әрекеті үшін Риддер қаласының соты оны бас бостандығынан шектеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс материалы бойынша, әйелі мен күйеуі ұрсысып қалып, әйел полиция шақыртқан. Содан ол оқиға орнына келген полицейлердің екеуін әйел кіргізіп, күйеуінің ұйықтап қалғанын айтады. Тәрітп сақшылары ер адамды оятқан, осы кезде ол қатты ашуланып, бір полицейдің саусағынан тістеп алады. Қарсылық көрсету кезінде ол полицейлердің жилеттерін жыртып тастаған. Тәртіп сақшылары ер адамды күшпен алып кетуге мәжбүр болды.
Ашуын ұстай алмайтын ер адам билік өкіліне қатысты күш қолданғаны үшін жауапқа тартылды. Ол бас бостандығынан айырылып, қоғамдға пайдалы жұмыстар атқаруға мәжбүр болды.