Риддерде жерде пайда болған шұңқырдан жеке үйлердің бірі құлап қалды деп хабарлайды Tengrinews.kz Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Үш адам аман қалды.
Риддерде жерде пайда болған шұңқырдан жеке үйлердің бірі құлап қалды деп хабарлайды Tengrinews.kz Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Үш адам аман қалды.
"Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметінің әскерилендірілген таудан құтқару жасағы жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдайды залалсыздандыру жөніндегі арнайы штаб құрылды, ішкі істер департаменті, мамандандырылған өрт бөлімі қызметкерлері жұмыс жүргізуде", - деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметкері Жанат Сағдоллина. Ол оқиға туралы мәліметтің бүгін Астана уақыты 14.40-та Риддер төтенше жағдайлар басқармасының бастығынан түскенін айтты.
Төтенше оқиға Риддер-Сокольский кеніші ауданындағы Боровая көшесінде жердің 50х50 метрге опырылуынан болған. Үй құлаған жерде барлық қауіпсіздік шарасы қолға алынды. Көрші үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Жыра маңында 50-ге жуық жеке үй бар.
Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұрғын үйдің қирау дерегі бойынша Риддер-Сокольский кенішіне тексеру белгіленді. Кәсіпорынның шахтасы үй құлаған жерде орналасқан. Баспана опырылып құлаған кезде үйден үш адам шығып үлгерген.