10 қыркүйек 2022 | 17:43

Риддерде өртеніп жатқан үйден ерлі-зайыптыны өтіп бара жатқан екі адам құтқарып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өрттің куәгерлері Масат Берік пен Алексей Лещенко Риддердегі жанып жатқан үйге кіріп, құтқарушылар келгенше ерлі-зайыптыны өрттен алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Өрттің куәгерлері Масат Берік пен Алексей Лещенко Риддердегі жанып жатқан үйге кіріп, құтқарушылар келгенше ерлі-зайыптыны өрттен алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға түнгі сағат  02:00-де Риддердің жер үйлер аумағында болған. Семей көшесінің бойындағы аулалардың бірінде Volkswagen Golf көлігі өртеніп кетті. Өрт тез арада верандаға, қабырғаларға, тұрғын үй шатырының жартысына және шаруашылық құрылыстарына тарады.

"Өртсөндірушілер келгенге дейін қасынан өтіп бара жатқан куәгерлер 1962 жылғы үй иесін құтқарып қалды. Өртті көрген ер адамдар дереу үй терезесін сындырып, ішінде біреу бар-жоғын сұраған. Үй иесі өртті үйдің ішінде шлангпен сөндіруге тырысқаны мәлім болды. Самат пен Алексей үйге кіріп, оны сыртқа шығарған. Кейін үй иесінің әйелін уланып қалмас үшін қауіпсіз жерге апарды", - деді Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.

Кейін келген өртсөндіру қызметінің бөлімшелері жалпы аумағы 35 шаршы метр өртті сөндірді. Өрттің алдын ала себебі ретінде қауіптілігі жоғары қондырғымен дұрыс жұмыс істелмегені анықталды.

Ерлі-зайыптының құтқарушыларына келетін болсақ, олар өздерін батыр деп санамайды.

Олардың айтуынша, кез келген адам осылай істер еді. Самат Берік пен Алексей Лещенко жергілікті шахталарда жұмыс істейтіні белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети