Риддерде ойнап жүрген бала аяғын газ баллонға қыстырып алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

ШҚО құтқарушылары ерекше құтқару операциясын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО құтқарушылары ерекше құтқару операциясын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖМ құтқарушылары Риддер қаласындағы Свердлов көшесі бойындағы үйлердің біріндегі сегіз жастағы балаға көмекке келді.

Ол үйде балаларымен ойнап жүріп, аяғын редуктор мен газ баллонының тұтқасының арасына кіргізіп шығара алмаған.

Алаңдаған ата-ана 112 қызметіне жүгінді.

"ТЖМ қызметкерлері Holmator авариялық-құтқару құралының көмегімен баллонның тұтқасын кесіп, баланың аяғын босатты. Авариялық-құтқару жұмыстары барысында бала зардап шеккен жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети