Алдын ала келтірілген деректер бойынша, Риддердегі бір үйдің бүтіндей жер астына опырылып түсуі Риддер-Сокольный кенішіне қарасты "Быструшинская" 11-ші горизонты шахтасы камерасының төбесінің бұзылуынан орын алған деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығына сілтеме жасаған Tengrinews.kz.
Алдын ала келтірілген деректер бойынша, Риддердегі бір үйдің бүтіндей жер астына опырылып түсуі Риддер-Сокольный кенішіне қарасты "Быструшинская" 11-ші горизонты шахтасы камерасының төбесінің бұзылуынан орын алған деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығына сілтеме жасаған Tengrinews.kz.
"Жер бетін, опырылған ауданмен жапсарлас жатқан тау-тасты тексерген соң Лениногорскінің әскери тау-кен құтқару жасағы сарбаздарының және кешін қызметкерлерінің, сондай-ақ графикалық материалдарды зерттеуші өкілдердің көмегімен алдын ала мынандай жайт анықталды: "Быструшинская" 11-ші горизонты шахтасына қарасты бір камераның төбесі қираған" делінеді хабарламада. Тағы да жердің опырылуының алдын алу үшін қауіпті аймақты оқшаулайтын бетондалған тосқауылдар қойылып жатыр. Бұл таудан құлаған массаның жер асты кенішіне кеп түспеуін қамтамасыз етеді екен.
"Үй көлеміндей орын алған ойықтың үлкейіп кетпеуі үшін кеніш шахтасынан жоғарғы жер қабатына дейін ұзындығы 300 метрді құрайтын аумақты бетондау туралы шешім шығарылған, яғни үңірейіп қалған аумақтың барлығы жердің беткі қабатымен бірдей етіп бетонмен тегістеледі" делінеді хабарламада.
ШҚО ТЖҚ мәліметі бойынша, үңірейген аумақты бетондау жұмысы 5 сәуірде таңертең басталып кеткен. "2014 жылдың 5 сәуірінде сағат 09.35 шамасында үңірейген жерді бетон сұйықтығымен толтыру басталып кетті. Сондай-ақ шахтада өндіріліп жатқан кенішке де құлаған масса түсіп кетпесі үшін бетоннан тосқауылдар жасалып жатыр" деп атап өтеді ТЖҚ.
"Қазцинк" ЖШС болған төтенше оқиғадан зардап шеккен азаматтарға материалдық шығын өтеу және апатты жою бойынша барлық міндеттемені өз жауапкершілігіне алып отыр. Компания уақытша көші-қоны үшін азаматтарға (бір үй басына) 200 000 теңге көлемінде материалдық көмекақы төлейді.Егер қайтадан қалпына келтіру жұмыстары аяқталған соң, ол аумақтағы қандай да бір үй апатты боп танылса, онда компания жаңа үй сатып алып беруге міндетті.
Төтенше оқиға Риддер-Сокольный кеніші ауданында 4 сәуірде орын алған. Жер ойылып, бүтіндей бір үй жер астына опырылып түскен. Үңірейген аумақта шамамен 50 жекенешіктің үйі бар. ШҚО прокуратурасы баспасөз қызметі мәлімдегендей, үйдің жер астына опырылып түсуіне байланысты Риддер-Сокольный кенішін тексеру белгіленген. Шахта жұмысы уақытша тоқтатылған. Ол арадан шамамен 500 кенші дереу арада сыртқа шығарылған.