Риддерде Даңқ мемориалын қорлаған азамат ұсталды. Ер адам Мәңгілік алауда ет пісіріп, мемориалдық нысан аумағында қоқыс қалдырып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның жеке басын анықтау үшін полицейлер жақын маңдағы аудандарды тексеріп, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, куәгерлерден жауап алған. Жедел іздестіру іс-шаралары кешенінің нәтижесінде 31 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.
"Тәртіп бұзушы "Ғимараттарды, өзге де құрылысжайларды, тұрғын үй-жайларды, ортақ пайдаланылатын орындарды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау" бабы бойынша жауапқа тартылды. Сот шешімімен ол бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынды", - делінген хабарламада.
Полиция кез келген құқық бұзушылық әрекеттердің жолы кесіліп, кінәлілер белгіленген тәртіпте жауапқа тартылатынын еске салды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!