Риддердегі төтенше жағдайдың салдары жойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Риддердегі төтенше жағдайдың салдары жойылды Риддердегі опырылған жер. ©ПС ДЧС ВКО

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында болған төтенше жағдайдың салдары жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ақпарат орталығына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында болған төтенше жағдайдың салдары жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ақпарат орталығына сілтеме жасап. 

23 сәуірде облыс әкімі Риддерге жұмыс сапарымен барып, төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындармен кездесті.

Комиссияның мәліметіне қарағанда, апат салдары толығымен жойылған. "Апат салдарын жоюда мынандай жұмыстар атқарылды: опырылған жер арнайы қоспамен толтырылып, үстінен құнарлы топырақ төселді. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясы "толтырылған шұқыр маңында өмір сүру қауіпсіз" деген қортынды шығарды", - делінген хабарламада.

Бұл аумақта әлеуметтік құрылыс салу жоспарлануда. Баспанасынан айырылған Анастасия Татарниковаға екі бөлмелі пәтер берілді. Ал өгей әкесіне бір бөлмелі пәтер кілті табысталды.

Төтенше жағдай салдарын жою кезінде баспанасын тастап шығуға мәжбір болған барлық тұрғындарға жалпы көлемі 6,9 млн теңгені құрайтын өтемақы төленді.

Естеріңізге сала кетсек, 4 сәуір күні Риддер қаласында аумағы 50х50 метр болатын жер опырылып, жеке тұрғын үй қираған болатын. Тұрғындардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Төтенше жағдай Риддер-Сокольский ауданындағы кеніште орын алған еді. Опырылған жердің маңында 50 шақты жеке үйлер бар.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети