Рудный қаласында бес жігіт екі ер адамды тірідей өртеп жіберген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рудный қаласында бес жігіт екі ер адамды тірідей өртеп жіберген © "Наша Газета" басылымы

Рудный қаласында қалалық қоқыс орнынан металл жинап жүрген 40 жастағы екі ер адамды бес адамнан тұратын топ бензин құйып, тірідей өртеп жіберген, - деп хабарлайды "Наша Газета" басылымы қалалық ІІБ басшысының орынбасары Мақсұт Ералиевке сілтеме жасап. Бес жігіт олардың жинаған түсті металлын тартып алған. 

Мақсұт Ералиевтің айтуынша, қылмыс 1 шілдеге қараған түні болған. Бес жігіт мас күйде қоқыс орнына барған. Онда, айтуларынша, қара және түсті металл қоймасы болған. Олар медициналық бетперде алып, беттерін жауып алған. 

Қойма маңында металл жинап жүрген екі ер адамды көріп, олар қойманың кілтін талап еткен. Алайда олар кілттің жоқ екенін айтқан. Осы кезде бес жігіт олардың үстіне бензин құйып, тірідей өртеген. Бұдан кейін күдіктілер олардың маңында жатқан шамамен 70 келі мысты алып, қылмыс орнынан іс жасырған.  

© "Наша Газета" басылымы

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген. Олардың бірі алған жарақатынан сол күні, ал екіншісі ертесі күні қайтыс болған. Алайда олар кімдердің шабуыл жасағанын толықтай айтып беріпті. Полицейлер бес адамды ұстады. Ұсталғандардың үлкені 30 жаста. Олар кінәларын мойындапты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети