ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 16 тамыз 2018 09:14
Рудныйда 9 жастағы қызды қаққан жүргізуші ұсталды
Рудныйда 9 жастағы қызды қағып өлтірген жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды "Алау".
Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Рудныйдың ІІБ қызметкерлері жүргізушіні анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді.
Еске сала кетейік, осыған дейін Рудныйда жүргізушінің оқушы қызды қағып өлтіріп, жол апаты болған жерден жасырынғаны хабарланған болатын. Kia Rio маркалы ақ түсті автокөліктің 39 жастағы жүргізушісі 9 жастағы оқушыны көлікпен қағып өлтірген. Жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккен қыз жедел жәрдем келмей тұрып қаза тапты.
"Жамандықты есте сақтамайтын" - Рудныйда көлік қағып кеткен қыздың анасы.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу