"Жамандықты есте сақтамайтын" - Рудныйда көлік қағып кеткен қыздың анасы

15 Тамыз 2018, 15:10
0
"Жамандықты есте сақтамайтын" - Рудныйда көлік қағып кеткен қыздың анасы - alau.kz
alau.kz

Рудныйда ер адам қағып өлтірген 9 жастағы Настя Ширягина қалаға әпкесінің туған күніне барған, - деп хабарлайды  alau.kz.

Қаза болған қыздың анасы Елена Гутовская болған жағдайға әлі сене алмай отыр. Шешесінің айтуынша, Настя аға-әпкелерін қатты жақсы көрген. Әпкесін туған күнімен құттықтауға келген Настяның өлімі отбасына үлкен қайғы болды.

"Қызым өте мейірімді жан еді. Жүзі тек күлкімен жадырап, мұңайғанын көрген емеспін. Настяны қанша жерден ренжітпесең де, ол туралы тіпті ұмытып кететін. Жамандықты ішіне сақтамайтын еді. Настям өмірге құштар еді", - деді анасы. 

Рудный қаласында жүргізуші ер адам оқушы қызды қағып өлтіріп, жол апаты болған жерден жасырынған болатын Оқиға 14 тамызда, сағат 12:35-те Парков пен Гагарин көшелерінің қиылысында болған. Kia Rio маркалы ақ түсті автокөліктің 39 жастағы жүргізушісі 9 жастағы оқушыны көлікпен қағып өлтірген. Жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккен қыз жедел жәрдем келмей тұрып қаза тапқан еді. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай