Рудныйда тастанды баланың анасы табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рудныйда тастанды баланың анасы табылды

Рудныйда 9 қыркүйекте сағат шамамен 23.00-де жанармай құю бекетінің артқы жағына нәрестені тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүріп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы ("Қауiптi жағдайда қалдыру") бойынша жүріп жатыр. Осы бап бойынша,  100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгі мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады", - делінген ІІД хабарламасында. 

Еске салайық, Рудныйда 9 қыркүйекте сағат шамамен 23.00-де жанармай құю бекетінің артқы жағындағы бұта арасынан жаңа туған нәресте табылды

Жаңа туған сәбидің жағдайын дәрігерлер қанағаттанарлық деп бағалады. Баланың салмағы - 3 келі. Ол Рудный перзентханасына жеткізілді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети