Рудныйдағы із-түссіз жоғалып кеткен 17 жастағы Светлана Кищенко Әулиекөл ауылынан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске сала кетейік, осыған дейін Рудныйда 17 жастағы қыздың із-түссіз жоғалып кеткені хабарланған болатын. 

Ведомствоның хабарлауынша, 10 маусымда Рудный ІІБ кезекші бөліміне тау-кен технологиялық колледжінің қызметкері хабарласып, студенттердің бірінің 6 маусымда жатақханадан шығып кетіп, сол күйі оралмағанын айтады.
Шұғыл-іздестіру іс шаралары нәтижесінде Светлана Кищенко Әулекөл ауылынан табылады. 17 жастағы қыздың осыған дейін де үйінен кетіп қалғаны анықталды. Ол 10 сәуірде Қостанайдағы туысының үйінен кетіп қалып, 6 маусымда ғана танысының үйінен табылған. "4 күннен кейін ол қайта қашып кетіп отыр. Бұл жолы колледж жатақханасынан", - деді ІІД қызметкері Қайрат Сейітмағамбетов.
Қазір Светлана Кищенко жатақханасына жеткізілді.