ПОДЕЛИТЬСЯ
11 қазан 2021 | 13:36
"Рұқсаты болмаған". Әкімдік биіктен құлап мерт болған қыздың оқиғасы туралы пікір білдірді
Саран қаласы әкімдігі 10 қазанда қайғылы оқиға болған "Созвездие" қонақүйінде секіру ұйымдастыруға рұқсат бермеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Саран қаласы әкімдігі 10 қазанда қайғылы оқиға болған "Созвездие" қонақүйінде секіру ұйымдастыруға рұқсат бермеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
33 жастағы үш баланың анасы Евгения Леонтьева 30 метрлік биіктен секіріп, қайтыс болды.
"Бұл жерде секіру ұйымдастыруға тыйым салынған, ешқандай рұқсат берілмеген", - деп хабарлады қала әкімдігі.
"Аттракциондар қауіпсіздігі. Аттракциондарды пайдалануға қойылатын қауіпсіздік талаптары" құжатына сәйкес аттракцион иесі немесе ұйымдастырушы жұмыс басталғанға дейін аттракционды пайдалану туралы рұқсат алу керек.
Еске салайық, 10 қазанда Шахтинск қаласының тұрғыны Қарағандыда арқанмен секірген кезінде қайтыс болды. Әйел жердегі бетонға соғылған. Желі қолданушылары секірген кезінде кабель үзілген немесе мүлде бекітілмеген деп болжайды. Полиция бұл істі тексеріп жатыр. Кінәлілер 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также