11 қазан 2021 11:20

Аттракционда секіріп мерт болған қыздың оқиғасы: кінәлілер 8 жылға сотталуы мүмкін

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қарағанды полицейлері роупджампинг аттракционынан секірген 33 жастағы келіншектің өліміне қатысты қылмыстық істі қайта қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды полицейлері роупджампинг аттракционынан секірген 33 жастағы келіншектің өліміне қатысты қылмыстық істі қайта қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға кеше, 10 қазанда болды. Дәрігерлер жәбірленушінің өмірі үшін күрескенімен, құтқара алмады. 

"Қылмыстық іс жаңа ашылған мәліметтерге байланысты ҚР ҚК-нің 306-бабы 1-бөлігінен 3-бөлігіне өзгерді. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмыстық іс аясында полиция аттракционды ұйымдастырушының осы қызмет түріне лицензиясы бар-жоғын анықтайды және қауіпсіздік ережелерін тексереді", - деді полиция өкілдері.

Осы бап бойынша кінәлілер 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қарағандылық блогер Денис Денскидің сөзінше, қаза тапқан Евгенияның артында кішкентай балалары мен жолдасы қалды. Ол бұрын да биіктен секіруді жақсы көрген екен.  

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде оқиғаның тағы бір видеосы жарияланды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети