11 қазан 2021 09:08

Қарағандыда роупджампинг аттракционынан секірген қыз мерт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет © РИА Новости Иллюстрациялық сурет © РИА Новости

Қарағандыда әйел шатырдан роупджампинг аттракционынан секіріп, қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Новый вестник" сайтына сілтеме жасап.


Қарағандыда әйел шатырдан роупджампинг аттракционынан секіріп, қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Новый вестник" сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 33 жастағы қарағандылық "Созвездие" қонақүйінің төбесінен секірген. Ғимарат биіктігі 30 метр.

nv.kz сайтындағы видеодан алынған кадрлар

Әйел Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді: миы шайқалған, ісіген, миішілік гематома, травматикалық шок. Оған шұғыл түрде ота жасалды. Алайда әйел аман қалмады, деп жазады басылым тілшісі.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Аталған дерек бойынша Қазақстан ҚК-нің 306-бабы 1-бөлігі "Тұтынушылар өмiрiнiң немесе денсаулығының қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету, сол сияқты аталған тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердiң қауiпсiздiк талаптарына сай келетiндiгiн куәландыратын ресми құжатты құқыққа сыйымсыз беру немесе пайдалану, бұл іс-әрекеттер абайсызда адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соғуы" бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Осы бап бойынша күдіктілерге 160 АЕК-ке дейін айыппұл, немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 160 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару я белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу қаупі төніп тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети