Қазақстандықтар Джей Лоның әлеуметтік желідегі парақшасына жаппай жазып, шегірткені есіне салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар Джей Лоның әлеуметтік желідегі парақшасына жаппай жазып, шегірткені есіне салды Бейнеден алынған кадр

Қазақстандықтар америкалық әнші әрі актриса Дженнифер Лопестің парақшасындағы пікірлер бөлімін жаулап алды. Танымал тұлғаның небәрі үш эмодзиден тұратын жазбасы оқырмандар белсенділігіне себеп болды, деп хабарлайды Tengri Life.


Қазақстандықтар америкалық әнші әрі актриса Дженнифер Лопестің парақшасындағы пікірлер бөлімін жаулап алды. Танымал тұлғаның небәрі үш эмодзиден тұратын жазбасы оқырмандар белсенділігіне себеп болды, деп хабарлайды Tengri Life.

Неден басталды?

Дженнифер Лопес Threads желісінде Бразилияның туы үш рет бейнеленген қысқа жазба жариялады.

Скриншот: Threads

Бұл жазбаның нақты не себепті жарияланғаны - бразилиялық футболшыларға қолдау ма, жобалар аңдатпасы ма, әлде жұлдыздың жеке жаңалығы ма белгісіз. Соған қарамастан, бұл жазба қазақстандықтардың назарын аударды.

Скриншот: Threads

Қазақстандықтар реакциясы

Жазба астына Қазақстан туы бар пікірлер мен әртістің өз лентасынан мұншама қазақстандықты көремін деп күтпегені туралы әзілдер жаппай жазыла бастады.

Желі қолданушылары ондаған хабарлама қалдырды.

"Джей Ло Threads-те қазақтардың көп екенін білмейтін сияқты ғой", "Джей Ло әпшеміз өзі де түсінбей қалған жоқ па? Біреу түсіндіріп жіберсінші", "Күте тұр, қазақтар қазір есіңді шығарады", "Енді Джей Ло қазақтарды мәңгі есте сақтайды", "Threads-те тек қазақтар ғана ма?", "Джей Ло әпше қазақтардың пікірін көріп, таңғалып отырған шығар", "Біздің Джей Ло әпше бұл жазбаны арнайы қазақтар үшін салған сияқты. Белсенділікті арттыруды жөн көріпті", "Threads алгоритмдері де таңғалып жатқан болар: "Бұл жерге бүкіл Қазақстан халқы жиналған ба?" деп", "Джей Ло да Threads-те жұртты қалай қызықтыруды біледі екен", "Әпше, мұнда тек қазақтар жиналған", - деп жазды пікір қалдырушылар.

Кейбір желі қолданушылары бұл жазба арнайы қазақстандық аудиторияға арналғандай деп әзілдесе, енді біреулері алгоритмдер бұл жазбаны Қазақстаннан келген көптеген қолданушының ұсыныстар тізіміне шығарып жіберген деп болжады.

Скриншот: Threads

Сондай-ақ пікір қалдырушылар көпшілікке таныс шегіртке туралы мемді әншінің есіне салды. Джей Ло бұл пікірлер легіне әзірге ешқандай жауап берген жоқ, бірақ қолданушылар мұндай белсенділіктен кейін әртіс қазақстандық жанкүйерлерін ұзақ уақыт ұмытпайтынын айтып әзілдесіп жатыр.

Айта кетейік, Алматыдағы жәндікке қатысты оқиға былтыр мемге айналған болатын: ән айтып тұрған кезде әртістің үстіне шегіртке секіріп шыққан, бұл сәт желіде тез тарап кетті. Ол кезде әлеуметтік желі қолданушылары "әлемдегі ең жолы болғыш шегіртке" деп әзілдеп, оны "аукционға 500 долларға шығаруды" ұсынып, пародиялар түсірген еді. Көпшілік әнші өзін өте кәсіби деңгейде ұстағанын атап өтті.

"Мен оның орнында болсам, айқайлап, сахнадан қашып кетер едім, ал ол сабырлы түрде шоуды жалғастырды", - деп жазды жанкүйерлер пікірлерде.

Дженнифердің өзі мұндай күтпеген жағдайлар концерттерде жанды дауыста өнер көрсетудің бір бөлігі екенін айтқан болатын.

"Не болатынын ешқашан алдын ала білмейсің. Бірақ бастысы, нөмірді аяқтап, көрерменге шоу сыйлау", - деп атап өтті әнші.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

The Tonight Show (@fallontonight) жариялаған жазба

Еске сала кетейік, былтыр 10 тамызда Алматының Орталық стадионында Қазақстанда алғаш рет Дженнифер Лопестің концерті өтті. Алматы әншінің Up All Night әлемдік туры аясында келген еліміздегі екі қаланың бірі болды.

Tengrinews