03 ақпан 2021 | 17:35

Руслан Жанпейісовтің анасы видеоүндеу жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Блогер Руслан Жанпейісовтің анасы (шын аты Бейбарыс Райымбеков) президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видео үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жанпейісовтің анасы үндеуінде Тоқаевтан ұлының заңсыз ұсталып отырғанына байланысты құқық қорғау органдарының қызметіне назар аударуды сұрайды.


Блогер Руслан Жанпейісовтің анасы (шын аты Бейбарыс Райымбеков) президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видео үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жанпейісовтің анасы үндеуінде Тоқаевтан ұлының заңсыз ұсталып отырғанына байланысты құқық қорғау органдарының қызметіне назар аударуды сұрайды.

Жолдауда Тұрсынкүл Жанпейісова ұлын қамауға алғаны туралы өз көзқарасын білдіріп, оны колонияда заңсыз ұстап отырғанын мәлімдеді.

"2019 жылғы жазда Шымкентте ұлым дубинкамен шабуылдаған жүргізушіден қорғанып, заң бойынша рұқсат етілген өзін қоғау құралын қолданды (...). Ұлыма тек өзін қорғау әрекеті үшін 1 жыл мерзіміге колонияға қамау түріндегі үкім шығарды. Ол жазасын Қызылордада өтеп жатыр.

Қазіргі уақытта Қызылорда облысының прокуратурасы жазаны ауыстырып, оның шығуына тыйым салды.

Осыдан бір ай бұрын сот шешімімен Бейбарыс Райымбеков бостандыққа шығып, отбасына оралуы керек еді. Бірақ прокуратура босатпай отыр. Ол бас прокурорға да хат жазды, бірақ хаттың түпнұсқасын облыстық прокуратура жібермей отыр.

Құрметті Президент мырза, мен сіздің жауапкершілігіңізге сенім білдіріп, 2020 жылғы 7 желтоқсанда ұлыма қатысты шығарылған үкімнің орындалуын сұраймын (...). Ол кінәсін мойындады және қоғамға қауіп төндірмейді. Оны үйде туыстары мен ата-анасы, отбасы күтіп отыр", - дейді Жанпейісовтің анасы.

Айта кетейік, 30 шілдеде Шымкент қалалық соты Жанпейісовті ҚАЖ мекемесінде жазасын өтеуге бір жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Блогер жәбірленушіге орташа ауырлықтағы дене жарақатын қасақана жасағаны және билік өкілін қорлағаны үшін кінәлі деп танылды.

Ал 2020 жылдың көктемінде Жанпейісовтің үстінен "арнайы құқық беретін немесе міндеттерден босататын куәлікті немесе ресми құжатты қолдан жасау және өткізу", "жалған ақпарат тарату" баптары бойынша тергеу жргізілді. Кейін екі бап бойынша да іс тоқтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Жаңа министр ант қабылдады

Валюта бағамы

 483.48   534.52   5.44 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети