Алматы полициясы 13 жастағы Ангелина Филатованы іздестіріп жатыр, ол 5 қыркүйекте сабақтан кейін үйіне қайтып оралмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айтуынша, жоғалып кеткен қыздың анасы Әуезов аудандық ішкі істер бөліміне 2017 жылы 6 қыркүйекте шамамен 17:00 кезінде берген.
"Осы дерекке қатысты арнайы жедел тергеу тобы құрылды, онық құрамында криминалдық полиция қызметкерлері де бар. Қазіргі уақытта қыздың қайда екенін анықтап, үйіне қайтару үшін кешенді жедел әрі арнайы шаралар жүргізіліп жатыр. Ангелинаның анасының айтуынша, ол бұрындары үйден кете беретін, алайда ескертіп айтатын болған. Қызды іздеуге Ангелина оқитын мектептің ұстаздары да атсалысып жатыр. Полиция жақсы жаңалық болатынына сенеді, қыз бала үйіне аман-есен оралатынына сенімді", - деді Алматы ІІД жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімінің басшысы Лейла Әліпбаева.
Сонымен қатар, әлеуметтік желіде қызды іздестіріп жатқаны туралы хабарландыру жарияланған. Қала тұрғындарын мына телефондар бойынша хабарласуын өтінеді 8-707-8809948 және 8-747-4788998.