Сабақ үстінде болған төбелес видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сабақ үстінде болған төбелес видеоға түсіп қалды Видео кадры

Қазақстанның мектептерінің бірінде сабақ үстінде ересек әйел мен оқушының арасныда болған қақтығыс видеоға түсірілген. Роликті сыныпта болған оқушылар түсірген. Бұл жазба 8 қаңтарда "Шешесі қырсық баламен төбелеске келді" деген тақырыппен жарияланған.

Бұл оқиғаның қай қалада болғаны айтылмайды. Сондай-ақ, қақтығыстың себебі де белгісіз.

Қолданушылардың осы видеоға қатысты жазған пікірі бойынша, мұғалім әлденені бүлдірген оқушыны жазалап жатыр делінеді. Тағы бір болжам бойынша, өз баласын немесе қызын ренжітіп қойған жасөспірімнің жазасын беруге келген делінеді. Ал үшінші бір болжам бойынша, анасы сөз тыңдамайтын баласын ұрып жатыр.

Ал тағы бір қолданушы кадрлардағы әйелдің аты Мира екенін, оның химия пәнінен сабақ беретінін, соныме қатар, бұл оқиғаның Алматы облысы Іле ауданындағы білім беру мекемелерінің бірі екенін айтып отыр. Оның айтуынша, мектеп басшылығы бұл оқиғаны жасырып әлек екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети