Сәбиін әжетханаға тастаған әйел сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәбиін әжетханаға тастаған әйел сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірді Жансая. © Tengrinews.kz

Жамбыл облысында сәбиін әжетханаға тастағаны үшін 1,5 жылға сотталған 21 жастағы келіншек апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қамқоршылық кеңестің төрағасы, Тараздағы білім бөлімінің жетекшісі Гүлзия Зәуірбекова хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында сәбиін әжетханаға тастағаны үшін 1,5 жылға сотталған 21 жастағы келіншек апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қамқоршылық кеңестің төрағасы, Тараздағы білім бөлімінің жетекшісі Гүлзия Зәуірбекова хабарлады.

"Әмина Мәжіғұлова соттың шешімімен келіспейді және бүгін апелляциялық шағым түсірді. Апелляция Жамбыл облыстық сотында қаралады. Ал Жансая Мәжіғұлованы асырап алу мәселесі оның анасын ата-ана құқығынан айырғаннан кейін қаралады. Бұл мәселе Рысқұлов атындағы аудандық әкімдігіне қарасты қамқоршылық кеңесте сот үкімінің заңды күшіне енген сәтінен бастап қаралады", - деді Зәуірбекова.

Зәуірбекованың айтуынша, сәбиді асырап алуға кезекте бір ғана жұп қалған. Осыған дейін тасталған қызды 100 отбасының асырап алғысы келетіні хабарланған еді. 

Еске салайық, оқиға 2016 жылдың 3 қаңтарында болған еді. Абай ауылының маңындағы жолдың жиегіндегі қоғамдық әжетханадан тірі сәби табылған. Сәби онда бір сағат бойы жатып қалған, оны жүргізушілер көріп қалған.

Ал осыған дейін 21 жастағы келіншектің бір жарым жылға сотталғаны хабарланған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети