Жамбыл облысында сәбиін әжетханаға тастағаны үшін 1,5 жылға сотталған 21 жастағы келіншек апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қамқоршылық кеңестің төрағасы, Тараздағы білім бөлімінің жетекшісі Гүлзия Зәуірбекова хабарлады.

"Әмина Мәжіғұлова соттың шешімімен келіспейді және бүгін апелляциялық шағым түсірді. Апелляция Жамбыл облыстық сотында қаралады. Ал Жансая Мәжіғұлованы асырап алу мәселесі оның анасын ата-ана құқығынан айырғаннан кейін қаралады. Бұл мәселе Рысқұлов атындағы аудандық әкімдігіне қарасты қамқоршылық кеңесте сот үкімінің заңды күшіне енген сәтінен бастап қаралады", - деді Зәуірбекова.
Зәуірбекованың айтуынша, сәбиді асырап алуға кезекте бір ғана жұп қалған. Осыған дейін тасталған қызды 100 отбасының асырап алғысы келетіні хабарланған еді.
Еске салайық, оқиға 2016 жылдың 3 қаңтарында болған еді. Абай ауылының маңындағы жолдың жиегіндегі қоғамдық әжетханадан тірі сәби табылған. Сәби онда бір сағат бойы жатып қалған, оны жүргізушілер көріп қалған.
Ал осыған дейін 21 жастағы келіншектің бір жарым жылға сотталғаны хабарланған болатын.