Алматы облысында өз сәбиін еденге лақтырған әйел табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысында өз сәбиін еденге лақтырған әйел табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Талғар аудандық ІІБ ювенал полициясының қызметкерлері видеодағы әйелді анықтады. Ол Кеңдала ауылының 1989 жылғы тұрғыны. Оқиға бірнеше күн бұрын болғаны анықталды. Қазіргі уақытта күдіктіні лайықты жазалау бойынша шаралар қабылданып жатыр", - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі өкілдері.
Айта кетейік, безбүйрек ананың видеоға түсірілген қылығы Интернет қолданушыларын ашуландырған еді. Кадрлардан ашуланған әйелдің жылап жатқан сәбиін видеоға түсіріп тұрған ер адамның көзінше еденге лақтырып жібергенін көруге болады. Осы кезде ер адам "Енді менің дәлелім бар" дейді.
Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!
Ролик Вконтакте желісіндегі "Я очевидец" тобында жарияланды.