25 мамыр 2020 11:10

Сағынтаев блокбекетте жол апатынан қаза тапқан полицейлердің отбасына көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жалғас Жанғазиев, Дастан Әбдіқанов. Жалғас Жанғазиев, Дастан Әбдіқанов.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қайтыс болған полиция қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қайтыс болған полиция қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Блокбекетте қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері Жарас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқановтың жол апаты оқиғасынан қаза болуына байланысты отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын.", - деп жазды Twitter-де Бақытжан Сағынтаев

Еске салайық, бүгін таңғы уақытта Алматыда мас жүргізушінің блокбекетке соғылып, салдарынан екі полицейдің қаза тапқаны хабарланған болатын.

Полиция мәліметінше, 25 мамырда таңғы сағат 05.26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданы Қожабеков көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жаңа Ғасыр көшесінің қиылысында №4 блокбекетке барып соғылып, инерциямен патрульдік көлікке соғылған. Салонда екі полицей болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.97   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети