Саин көшесінің бойында жұмбақ жағдайда қаза тапқан әйел көлікте туыстарымен болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Саин көшесінің бойында жұмбақ жағдайда қаза тапқан әйел көлікте туыстарымен болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда жеңіл автокөлік құлап кетіп, салон ішінде отырған 1979 жылғы әйел қаза тапқан болатын. Оның Қарасай ауданының тұрғыны екені анықталды.
Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, жолаушы әйел көлік салонынан белгісіз себептермен құлап кеткен.
"Сол көлікте одан басқа әйелдің туыстары болған. Олар полициядағыларға жауап беру кезінде араларында ешқандай жанжал болмағанын және оның неліктен құлап кеткенін білмейтінін айтқан. Бірақ, туыстарының сөзіне қарағанда, әйел сол басы мен құлағы ауырып жатқанын айтып шағымданған", - деп хабарлады Салтанат Әзірбек.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.