13 қараша 2023 | 09:39

Салтанат Нүкенованың ағасы: Өмір бойы кешірмейміз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж: Tengrinews.kz Коллаж: Tengrinews.kz

Павлодардың экс-әкімі Қайрат Нүкенов қарындасы Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты жаңа дерек айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодардың экс-әкімі Қайрат Нүкенов қарындасы Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты жаңа дерек айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы ол журналист Болат Аманбаевқа берген сұхбатында бөлісті.

"Салтанат өте жарқын қыз еді. Оқу орнын аяқтады. Өз жұмысымен айналысты. Ол өзін-өзі қамтамасыз етті, бәрі болды, ешкімге тәуелді болған жоқ, бізден ешқашан ақша сұраған емес. Бәріне өзі жетті. Ашық еді, бәріне көмектескісі келіп тұратын, бәріне құрметпен қарайтын. Иә, кей блогерлер Бишімбаевты ақтап алғысы келетін шығар. Менің ойымша, халықты алдай алмайсың. Олар ақ пен қараны ажырата алады ғой. Ақша үшін істеп отырған блогерлер адам емес. Менің ойымша, мұндай сұмдық өздеріне тигенде түсінетін шығар. Олар тіпті блогер емес, қалай атарымды да білмеймін. Бишімбаев отбасы өз ұлын қорғаштай бастады, әрине. Бірақ біз үшін ол - құбыжық, қанішер. Біз оларды өмір бойы кешірмейміз. Кез келген нәрсені кешіруге болады. Иә, байқаусызда өлтіріп алса, кешіруге болатын еді, бірақ біз оның қарындасымызды қалай мазақ еткенін көріп отырмыз. Былай барлық құбыжық істемейтін де шығар. Егер біз кешірсек, ол басқа адамды өлтіріп қоюы мүмкін, ол басқа қайғылы жағдай болар еді", - деді ол.

Ол Бишімбаевтың өз мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін екенін айтты.

"Айтып тұрмын ғой блогерлерді жалдаған, тергеу ісі де басқаша жүріп кетуі мүмкін. Оның ағзасында 0,65 промилле болды дейді. Егер адам түнімен ішсе де, куәгерлердің, інісінің айғақтары бола тұра, тек 0,65 промилле табылғаны бірнәрсені меңзеп тұр. Біз оған жасалған сараптамаға күмәніміз бар. Көбі ол есірткі қолданды дейді. Бірақ есірткі қолданғаны расталған жоқ. Тергеу оны жауапкершіліктен босатқысы келіп тұр", - деді Қайрат Нүкенов.

Оның айтуынша, мәйітті жуған әйелдер қатты шошып қалған.

"Олар көп мәйіт жуған. Олар мұндай жарақаттарды, дененің көгерген тұстарын бұрын-соңды көрмегенін айтады. Ол інісін шақырып, қарындасымыздың көз жұмғанын күтті деген болжам бар. Ол бөлмеге бірнеше рет кіріп, оның өлгенін тексерген, өлгеннен кейін ғана жедел жәрдем шақырған. Бұл інісі де өлім туралы хабарламағаны үшін емес, адам өлтіруге қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек. Бейнежазбаларды өшірген адам да Бишімбаевтың бандасындағы біреу. Оның бәрін соттау керек", - деді ол.

Қайрат Нүкеновтің айтуынша, жантүршігерлік қылмысқа қатысты жалған ақпарат тарап жатыр.

"Салтанатты қаралау арқылы қоғамда теріс пікір қалыптастырып, Бишімбаевты ақтау басталып кетіпті. Қылмыскердің айуандығын дәлелдеу үшін мәйіттің фото, видеосын жариялау - соңғы амал", - деді ол Болат Аманбаевқа берген сұхбатында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети