Салют атамын деп қолынан айырылды: Қазнетте адамшошырлық видео тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Салют атамын деп қолынан айырылды: Қазнетте адамшошырлық видео тарады

Қазақстандық қолданушылардың WhatsApp мессенджеріндегі ата-аналар чатында және әлеуметтік желілерде белгісіз ер адамның петарда атқысы келіп, қолынан айырылғаны түсірілген видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Роликке қатысты мынадай сипаттама жазылған: "Құрметті әріптестер! Артқа қарай атылатын қытайлық петардалар сатылымға шығып жатыр. Бұл видеодан көрінеді. Бұл роликті ата-аналар чатына таратыңыздар. Сақ болыңыздар".

Ал өз кезегінде ІІМ ТЖ жөніндегі комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов видеоға қатысты пікір білдіре отырып, "видеодағы оқиға Қазақстанда болды деген мәлімет жоқ" екенін мәлімдеді. Ал YouTube хостингінде бұл ролик биылғы қазанда жүктелген. Оның сипаттамасында былай деп жазылған: "Ер адам мас күйде достарын таңғалдырмақ болып, өз қолынан отшашу атпақ болып, қауіпсіздік ережесін бұзды". Ал видеоның қайда және қашан түсірілгені белгісіз.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети