ПОДЕЛИТЬСЯ
17 ақпан 2021 | 10:31
Самара-Шымкент тасжолында көлік апатынан бір адам қаза тапты
Самара-Шымкент тасжолының 307-ші шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Жеңіл автокөлік жүргізушісі Оралға бет алған жүк көлігімен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Самара-Шымкент тасжолының 307-ші шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Жеңіл автокөлік жүргізушісі Оралға бет алған жүк көлігімен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция департаменті өкілдері апат 16 ақпанда сағат 18 шамасында болғанын атап өтті. Ваз-21102 жеңіл автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі оқиға болған жерде көз жұмды.
"Оқиға болған жерге апат себебін анықтау үшін жедел-тергеу тобы барды. КамАЗады Қызылорда облысының 38 жастағы тұрғыны басқарған", - деді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.
ТЖД өкілі апат орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келгенін атап өтті.
"Жеңіл көлік жүргізушісі салонда жалғыз болған. Оның денесін арнайы құралдардың көмегімен алуға тура келді", - деді құтқарушылар.
Қазір аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабы1-бөлігі "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также