1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Самара-Шымкент тасжолында көлік апатынан бір адам қаза тапты 17 ақпан 2021, 10:31

Самара-Шымкент тасжолының 307-ші шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Жеңіл автокөлік жүргізушісі Оралға бет алған жүк көлігімен соқтығысты,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Самара-Шымкент тасжолының 307-ші шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Жеңіл автокөлік жүргізушісі Оралға бет алған жүк көлігімен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаменті өкілдері апат 16 ақпанда сағат 18 шамасында болғанын атап өтті. Ваз-21102 жеңіл автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі оқиға болған жерде көз жұмды.

"Оқиға болған жерге апат себебін анықтау үшін жедел-тергеу тобы барды. КамАЗады Қызылорда облысының 38 жастағы тұрғыны басқарған", - деді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

ТЖД өкілі апат орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келгенін атап өтті.

"Жеңіл көлік жүргізушісі салонда жалғыз болған. Оның денесін арнайы құралдардың көмегімен алуға тура келді", - деді құтқарушылар.

Қазір аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабы1-бөлігі "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram