Самарада жеңіл автокөлік пен тұрақта тұрған "Газель" көліктерінің соқтығысы салдарынан Қазақстандық екі азамат қаза тапты, - деп хабарлайды ProGorodSamara.
Самарада жеңіл автокөлік пен тұрақта тұрған "Газель" көліктерінің соқтығысы салдарынан Қазақстандық екі азамат қаза тапты, - деп хабарлайды ProGorodSamara.
Басылымның мәліметі бойынша, Самарадағы жол-көлік оқиғасы 24 қараша күні болған. Қазақстандық нөмір тағылған "ВАЗ-21144" автокөлігінің жүргізушісі Физкультурный көшесімен Краснодонский көшесіне қарай қозғалып келе жатып, көлікті басқара алмай тұрақта тұрған "Газель" көлігіне ұрылған. Ауыр соққының салдарынан "Газель" көлігі талға соғылған.
"Самара Сегодня" порталының хабарлауынша, Самарадағы жол апатынан жеңіл көліктегі 24 жастағы жүргізуші мен 66 жастағы жолаушы оқиға болған жерде қаза тапқан. Апат болған сәтте "Газель" көлігінің ішінде ешкім болмаған. Осы оқиғаға байланысты тексеріс жүріп жатыр.