Самарада болған жол-көлік оқиғасынан қазақстандық екі азамат қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Самарада болған жол-көлік оқиғасынан қазақстандық екі азамат қаза тапты Фото vk.com сайтынан алынды

Самарада жеңіл автокөлік пен тұрақта тұрған "Газель" көліктерінің соқтығысы салдарынан Қазақстандық екі азамат қаза тапты, - деп хабарлайды ProGorodSamara

ПОДЕЛИТЬСЯ

Самарада жеңіл автокөлік пен тұрақта тұрған "Газель" көліктерінің соқтығысы салдарынан Қазақстандық екі азамат қаза тапты, - деп хабарлайды ProGorodSamara

Басылымның мәліметі бойынша, Самарадағы жол-көлік оқиғасы 24 қараша күні болған. Қазақстандық нөмір тағылған "ВАЗ-21144" автокөлігінің жүргізушісі Физкультурный көшесімен Краснодонский көшесіне қарай қозғалып келе жатып, көлікті басқара алмай тұрақта тұрған "Газель" көлігіне ұрылған. Ауыр соққының салдарынан "Газель" көлігі талға соғылған. 

"Самара Сегодня" порталының хабарлауынша, Самарадағы жол апатынан жеңіл көліктегі 24 жастағы жүргізуші мен 66 жастағы жолаушы оқиға болған жерде қаза тапқан. Апат болған сәтте "Газель" көлігінің ішінде ешкім болмаған. Осы оқиғаға байланысты тексеріс жүріп жатыр.  

 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети