Шаңды дауыл Ақтауды жарық пен сусыз қалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шаңды дауыл Ақтауды жарық пен сусыз қалдырды ©lada.kz

Шаңды дауылдың салдарынан Ақтау жарық пен сусыз қалды, - деп хабарлайды Aktau-Business.com порталы. Дүлей жел 10 тамыз күні қаланы әбігерге салды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шаңды дауылдың салдарынан Ақтау жарық пен сусыз қалды, - деп хабарлайды Aktau-Business.com порталы. Дүлей жел 10 тамыз күні қаланы әбігерге салды.

Шаңды дауылдың салдарынан қаладағы орталық электр тарату желісінде апат болып, 200 мыңға жуық қала тұрғыны жарықсыз қалды. Содан кейін Ақтауда ауызсу мен техникалық су беру тоқтады. Электр сол күні кешке қарай қайтадан іске қосылды. Ал сумен қамту әлі қалпына келтірілген жоқ. Су алдымен қаланың төменгі аудандарында, кейін қалған бөлігінде тоқтап қалған.

"Қазатомөнеркәсіп" Маңғыстау атом-энергетикалық комбинаты" ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, жөндеу бригадасы қалпына келтіру жұмыстарын 11 тамыз күні түске дейін аяқтайды. "Кейбір ықшамаудандарда қазір су беріле бастады. Бірақ әзірше техникалық мақсаттағы су ғана. Сәлден кейін ауызсу берілетін болады. Ақтаулықтардан дүрлікпей, сабыр сақтауды сұраймыз", - деді серіктестіктің баспасөз хатшысы Қолқанат Нұржаубайұлы.

Табиғаттың тосын мінезінен болған қолайсыздық ақтаулықтарды ауызсуды дүкендерден жаппай сатып алуға мәжбүрледі. Қала тұрғындары түн мезгілінде де супермаркеттерде кезекке тұрып, ауызсуды көтеріп сатып алуға тырысқан.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети