Санкт-Петербург отельдерінің біріндегі мейрамханада Қазақстанның Ресейдегі өмір бойғы Төтенше және Өкілетті елшісі Бекжасар Нарбаевты тонап кетті, - деп хабарлайды Life News. "Оперативное прикрытие" жаңалықтар агенттігінің мәліметінше, оқиға сағат 08.00 шамасында Гончарная көшесіндегі "Паркинг" қонақүйінің мейрамханасында болған.

Елшінің маңызды құжаттары, дипломатиялық төлқұжаты, екі фотокамерасы және ақшасы салынған сөмкесін ұрлап кетті. Қазір шығын көлемі анықталып жатыр. Бекжасар Нарбаев кездесуге дайындалып жатқан, сөмкесін үстел маңына қалдырып, сәл алыстаған сәтте мүлкін таппай қалған.
Tengrinews.kz тілшісі қол жеткізген ақпаратқа қарағанда, бұл оқиға 30 шілде күні болған. Нақтыланған мәлімет бойынша, елші Санкт-Петербургте жеке сапармен жүрген. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдіктілер ұсталған жоқ.
71 жастағы Бекжасар Нарбаев - Қазақстанның Ресейдегі өмір бойғы Төтенше және Өкілетті елшісі. Ол бұрын Түркияда және Пәкістанда елші қызметін атқарған. 2005-2006 жылдары Қазақстан Сыртқы істер министрінің кеңесшісі болды. 2007 жылдан бері Қазақ ұлттық аграрлық университеті ректорының кеңесшісі болып жұмыс істейді, университеттің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры. 2003 жылдың маусым айында Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ОЭС) мүше елдер сыртқы істер министрлерінің кеңесінде Бекжасар Нарбаев осы халықаралық ұйымның бас хатшысы болып сайланды.