Ақмола гарнизоны әскери сотында Саран қаласындағы 44803 әскери бөлімінің бұрынғы әскери қызеткеріне қатысты үкім шықты. Ол 2021 жылы мамырда велосипед мінген Қайрат Тәшеновті көлігімен қағып кетіп, кейін ол қаза болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақмола гарнизоны әскери сотында Саран қаласындағы 44803 әскери бөлімінің бұрынғы әскери қызеткеріне қатысты үкім шықты. Ол 2021 жылы мамырда велосипед мінген Қайрат Тәшеновті көлігімен қағып кетіп, кейін ол қаза болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұрынғы әскери қызметкер 3,6 жылға бас бостандығынан айырылған.
Сот материалдарына сәйкес, бұрынғы әскери қызметкер мас күйде және досының көлігін жүргізіп келе жатып, Саран қаласының тұрғынын қағып кеткен. Сондай-ақ, соқтығысудан кейін екі әскери қызметші де жедел жәрдем шақыруға асықпағаны анықталды. Дәрігерлер мен полицияны оқиға орнына кездейсоқ келіп қалған такси жүргізушісі шақырған. Ол жәбірленуші көршісі екенін көріп қалған.
Сотта екі әскери қызметкер де кінәсін мойындамады. Олардың бірі марқұмның өзі велосипедпен қарсы жолаққа шығып кеткенін айтты.
Іс материалдары мен жиналған дәлелдемелерді зерделеп, сот сотталушыны ҚР ҚК-нің 345-1-бабы 3-бөлігі "Адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзуы немесе көлік құралын алкогольдік масаң күйде пайдалануы" бойынша кінәлі деп таныды. Оған қауіпсіздігі барынша төмен ҚАЖ мекемесінде жазасын өтеумен 3,6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сондай-ақ, одан марқұмның ананың пайдасына 10 миллион теңге мөлшерінде моральдық залал және 1 миллион теңгеден аса мөлшерде материалдық зиян, сондай-ақ адвокаттарға арналған шығыстар өндіріп алынған.
Екінші әскери қызметші - азаматтық жауапкерден марқұмның анасының пайдасына 5 миллион теңге өндірілген.
Еске салайық, оқиға 27 мамырында болған еді. Ер адам үйіне велосипедпен қайтып бара жатқанда оны әскери қызметші қағып кеткен.
"Әскери қызметкер Саранда адам қағып өлтірді": марқұмның анасы видеоүндеу жасады
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!