Сараптама Көкшетау тұрғыны интернетке салған шұжықта қауырсын барын растады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сараптама Көкшетау тұрғыны интернетке салған шұжықта қауырсын барын растады

Сараптама Көкшетау тұрғыны интернетке салған шұжықта қауырсын барын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сараптама Көкшетау тұрғыны интернетке салған шұжықта қауырсын барын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, материалдар жоспардан тыс тексерулер жүргізу үшін Астана қалалық Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне жіберілді.

"Көкшетау қаласы тұрғындарының өтініштері бойынша жүргізілген зертханалық сараптаманың нәтижелері Көкшетау қаласындағы "Скиф Трейд" ЖШС-нің "SMALL" оптомаркетінде сатылып жатқан Астана қаласындағы «Prod Company "Pyarn" ЖШС-нің шұжық өнімдерінде қауырсынның бар екендігін растады. Комитет Көкшетау қаласы тұрғындарына сәйкес келмейтін өнімдер туралы уақытылы ақпараттандыруда көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреді", - делінген ҚР Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің хабарламасында.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Youtube хостингінде шұжық түсірілген видео жарияланған болатын. Видео кадрларынан автордың шұжықтан қауырсын тауып алғаны көрінеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети