Сараптама Көкшетау тұрғыны интернетке салған шұжықта қауырсын барын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне сілтеме жасап.
Сараптама Көкшетау тұрғыны интернетке салған шұжықта қауырсын барын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, материалдар жоспардан тыс тексерулер жүргізу үшін Астана қалалық Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне жіберілді.
"Көкшетау қаласы тұрғындарының өтініштері бойынша жүргізілген зертханалық сараптаманың нәтижелері Көкшетау қаласындағы "Скиф Трейд" ЖШС-нің "SMALL" оптомаркетінде сатылып жатқан Астана қаласындағы «Prod Company "Pyarn" ЖШС-нің шұжық өнімдерінде қауырсынның бар екендігін растады. Комитет Көкшетау қаласы тұрғындарына сәйкес келмейтін өнімдер туралы уақытылы ақпараттандыруда көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреді", - делінген ҚР Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің хабарламасында.
Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Youtube хостингінде шұжық түсірілген видео жарияланған болатын. Видео кадрларынан автордың шұжықтан қауырсын тауып алғаны көрінеді.