©Ярослав Радловский
Спасск маңындағы әскери полигонда төтенше оқиға болды, аға офицер қызметтесін көзінен айырды деп хабарлайды Tengrinews.kz Nv.kz порталына сілтеме жасап. Ақпарат құралының мәліметінше, полигонда атыс жаттығуы өтіп жатқан. №22750 әскери бөлімінің аға офицері Владимир Носиков нысанаға “Глок-19" тапаншасынан оқ атады. Оқ тиген нысананың жарықшағы әскери бөлімнің радисі Виктор Розенің көзіне тиеді. Зардап шегуші аураханаға жеткізілді, оған "сол көздің ауыр деңгейде зақымдануы мен көздің сыртқы мөлдір қабығының жұлынуы" деген диагноз қойылды. Қазіргі уақытта оқыс оқиғаны әскери-тергеу басқармасы тексеріп жатыр. Қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Әскери жаттығулар кезінде жазатайым оқиғалар жиі болып тұрады. Өткен жылдың наурыз айында Алматы облысындағы Көктал полигонында қатардағы жауынгер Кенжетай Байкенже 21 жастағы қызметтесі Айдос Тәженовты байқамай атып алған еді. Калашников пулеметінен атылған бос патрон мерзімді әскери қызмет сарбазын ауыр жаралады, Тәженов ауруханаға жетпей қайтыс болды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Спасск маңындағы әскери полигонда төтенше оқиға болды, аға офицер қызметтесін көзінен айырды деп хабарлайды Tengrinews.kz Nv.kz порталына сілтеме жасап.
Ақпарат құралының мәліметінше, полигонда атыс жаттығуы өтіп жатқан. №22750 әскери бөлімінің аға офицері Владимир Носиков нысанаға “Глок-19" тапаншасынан оқ атады. Оқ тиген нысананың жарықшағы әскери бөлімнің радисі Виктор Розенің көзіне тиеді. Зардап шегуші аураханаға жеткізілді, оған "сол көздің ауыр деңгейде зақымдануы мен көздің сыртқы мөлдір қабығының жұлынуы" деген диагноз қойылды.
Қазіргі уақытта оқыс оқиғаны әскери-тергеу басқармасы тексеріп жатыр. Қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Әскери жаттығулар кезінде жазатайым оқиғалар жиі болып тұрады. Өткен жылдың наурыз айында Алматы облысындағы Көктал полигонында қатардағы жауынгер Кенжетай Байкенже 21 жастағы қызметтесі Айдос Тәженовты байқамай атып алған еді. Калашников пулеметінен атылған бос патрон мерзімді әскери қызмет сарбазын ауыр жаралады, Тәженов ауруханаға жетпей қайтыс болды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.