Сәтбаев қаласында қоқыс жәшігінен картон қорабына салынған баланың мүрдесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сәтбаев қаласында қоқыс жәшігінен картон қорабына салынған баланың мүрдесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, баланың мәйітін Жастар көшесінің бойындағы қоқыс жәшіктерінен қоқысты шығару компаниясының қызметкерлері тапқан. Олар полицейлерді шақырған. Сәби табылған кезде тыныс алмаған. Бала табылған сәттен бастап полицейлер иттерімен осы ауданды тексеріп шыққан.
"Біз осыған жақын жерде тұрамыз. Біздің пәтерімізге полиция қызметкері келді, жаңадан босанған әйелдердің бар-жоғын сұрады. Қалада неше түрлі сыбыстар бар. Біреулер нәрестенің кіндігіне шырмалып қалғанын айтады, басқалар тағы бір нұсқаларды айтады. Мен өзім көрген жоқпын. Сондықтан ештеңе білмеймін... бірақ бұл өте қорқынышты. Біздің қаламыз кішкене ғана, сол себепті мұндай оқиғаның болғаны сұмдық жағдай...", - деді Гурба көшесі тұрғындарының бірі.
Облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер әзірше оқиғаның мән-жайын айтқан жоқ. Анасының ұсталған-ұсталмағаны да белгісіз.
"Әзірше біз тек баланың мәйіті табылғанын айта аламыз. Толығырақ мәліметтерді кейінірек хабарлайтын боламыз", - деді баспасөз қызметі басшысы (міндетін атқарушы) Батырхан Смаилов.