05 қараша 2015 | 19:22

Саунада төбелескен полицейлер Атырау облысында жұмыстан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© rus.azattyq.org © rus.azattyq.org

Атырау облысының Жылыой аудандық ішкі істер бөлімінің екі бірдей бөлім басшысы саунада төбелесіп, салдарынан жұмыстарынан қуылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аудандық прокуратураға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысының Жылыой аудандық ішкі істер бөлімінің екі бірдей бөлім басшысы саунада төбелесіп, салдарынан жұмыстарынан қуылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аудандық прокуратураға сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, биыл шілде айында подполковник пен капитан Құлсарыдағы сауналардың бірінде демалып жатқан. Кейін олар төбелес ұйымдастырып, екеуі де түрлі жарақатпен орталық аудандық ауруханаға түсіпті. "Сотқа дейінгі тергеуде олар монша кешенінде байқаусызда дене жарақатын алғанын мәлімдеді. Спорттық күрестің кезінде екеуі де еденге құлап, дене жарақатын алған", - деп хабарлады аудандық прокурор Асланбек Жоланов.  

Айта кетейік, қылмыс құрамының жоқтығына байланысты қылмыстық іс доғарылды. Алайда Атырау облыстық ІІД өкілдері бұл жағдайды сорақылық деп санады. "Атырау облыстық ІІД басшысының 2015 жылдың 4 тамызындағы бұйрығымен екеуі де теріс мотивпен жұмыстан шығарылды. Нақтырақ айтқанда, "ІІБ қызметкерінің ар-намыс кодексі" және "Құқық қорғау қызметітуралы" Заңды өрескел бұзды", - деп атап өтті Жоланов.

Еске салайық, осыған дейін екі полицейдің жұмыстан тыс уақытта бір-бірімен төбелесіп қалғаны хабарланған болатын. Сол кезде ІІД баспасөз қызметі "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық істің қозғалғанын хабарлаған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети