01 маусым 2021 16:54

"Сайран" көлінде бір тәулік бойы ер адам іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сайран көлі. ©TengrinewsTV Сайран көлі. ©TengrinewsTV

Алматыдағы "Сайран" көлінен құтқарушылар бір тәулік бойы ер адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы "Сайран" көлінен құтқарушылар бір тәулік бойы ер адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, 31 мамырда сағат 17.30-да "Сайран" көлінде 25-30 жастағы ер адам суға кіріп, қайта шықпаған. Бұл ретте су айдынының аумағында суға шомылуға тыйым салынатыны туралы белгілер орнатылған.

ТЖД мәліметі бойынша, ер адам жағалауда бірнеше адаммен ішімдік ішкен және мас күйде болған.

"Алматы құтқару қызметі мен ҚР ТЖМ құтқарушылары осы уақытқа дейін сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын дереу бастады және жүргізіп жатыр", - деді ТЖД өкілі.

Ведомство "Сайран" көлі демалушыларды қабылдауға дайын емес екенін, ол тек 50 пайызға толғанын ескертті.

Оқиға орнына Алматы құтқару қызметінің 4 сүңгуірі, "ҚР ТЖМ РЖҚЖ" ММ 3 сүңгуірі, 2 қайық жұмылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети