Сайран көлінде болған төбелестің жаңа видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Онда ер адамның басынан гитарамен бірнеше рет соққы жасаған сәті түсірілген.
Сайран көлінде болған төбелестің жаңа видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Онда ер адамның басынан гитарамен бірнеше рет соққы жасаған сәті түсірілген.
Видеода екі жігіттің ер адамды шалып құлатып, тепкілеп жатқаны түсірілген. Осы кезде жейдесіз жүрген тағы бір ер адам қосылып досына көмектеспекші болады. Таяқ жеген досы орнынан тұрып жатқанда, екеуі оны тағы да шалып құлатып, басынан бірнеше рет соққы жасайды. Басқалары жейдесіз жүрген ер адамды қуалай кетеді. Шабуылдаушылардың бірі қолына гитара алып жүгіреді. Айта кетейік, куәгерлердің бірі осы жекпе-жекті ажыратпақшы болған.
Видеода бейәдеп сөздер айтылады!
Еске салайық, Алматыдағы Сайранда 2 шілдеде кешкі сағат 19:00 шамасында жаппай төбелес болды. Соққыға жығылған адам кәсіпкер Артем Алпатов екені белгілі болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.
Оқиға орнында алты адам дәрігерлер көмегіне жүгінді. Оның үшеуін жедел жәрдем каретасы Алматы облыстық көпсалалы клиникалық ауруханасына алып кетті, оның біреуі № 7 қалалық ауруханасында қаралғаннан кейін үйіне қайтарылды. Оның әртүрлі дене жарақаты болды, жағдайы - орта деңгейде ауыр. Бұл туралы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді.