Ақмола облысында полицейлер Щучинск қаласының із-түссіз жоғалып кеткен тұрғынын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысында полицейлер Щучинск қаласының із-түссіз жоғалып кеткен тұрғынын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Щучинск қаласының тұрғыны 28 желтоқсанда Бурабай аудандық ішкі істер бөліміне 53 жастағы күйеуінің жоғалып кеткен жайлы хабар берді. Ол 19 желтоқсанда Mercedes-Benz көлігімен кетіп, оралмаған. Полицейлер жоғалған адамды 4 қаңтарда Қарағанды облысының Жезқазған қаласынан тапты", - делінген ІІД баспаөз қызметінің хабарламасында.
Сонымен қатар, полицейлер табылған ер адамның жеке таксист болып, нәпақа тауып жүргенін анықтады. Сөйтсе, ол 19 желтоқсанда Қостанай облысына келіп, сол жақтан 22 желтоқсанда Қызылорда облысының Арал қаласына қарай жолға шықан екен. Сол уақыттан бастап ер адам үйімен байланысын үзеді. Осыдан кейін уайымдаған әйелі полицияға хабар берген.
Айта кетейік, өткен жылы тәртіп сақшылары із-түссіз жоғалған 172 адамды тапты.