Щучинскіде баланы құтқарып алмақ болған мектеп мұғалімі суға батып кетті

Алғабек Хамитұлы
Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Щучинскіде баланы құтқарып алмақ болған мектеп мұғалімі суға батып кетті Фото Sinegor.kz және Ақмола облысы ТЖД алынды

Щучинскіде 65 жастағы мектеп мұғалімі суға батып бара жатқан баланы құтқару кезінде қаза тапты. Ақпаратты Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Щучинскіде 65 жастағы мектеп мұғалімі суға батып бара жатқан баланы құтқару кезінде қаза тапты. Ақпаратты Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Кеше Щучинск қаласында көлде суға батып бара жатқан баланы құтқару кезінде 1958 жылы туған ер адам суға батып кетті. Ер адам баланы құтқарып қалды. Бірақ өзін құтқара алмады", - деді төтенше жағдай департаменті қызметкерлері.

Құтқарушылар облыс тұрғындары мен қонақтардан суда қауіпсіздік ережелерін сақтап, балаларын қараусыз қалдырмауын сұрайды.

Sinegor.kz порталының мәліметінше, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі қаза тапқан.

"2023 жылдың 12 шілдесінде баланың өмірін сақтап қалған, еңбек сіңірген ұстаз, өз ісінің кәсіби маманы Александр Иванович Руденко өмірден озды. Ол алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі, жанашыр және зейінді адам болды. Жоғары білімді, тәжірибелі моральдық-этикалық принциптерді ұстанған ол педагогикалық ұжымда да, оқушылар мен ата-аналар арасында да әрқашан құрмет пен сүйіспеншілікке ие болды. Бұл біздің заманымыздағы батылдық пен жауапкершіліктің сирек кездесетін үлгісі. Даңқты өлім деуге болады", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @sinegor.kz

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети