23 шілде 2015 | 09:50

Селдің салдарынан Алматының үш ауданы зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Дәурен Исаев ©Дәурен Исаев

Алматыдағы селден қаладағы үш ауданның үйлері зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің орынбасары Юрий Ильинге сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы селден қаладағы үш ауданның үйлері зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің орынбасары Юрий Ильинге сілтеме жасап.

"Шамамен сағат 2.15-те біз "Қазселденқорғаудан" Қарғалының шарасынан шыққаны туралы хабар алдық. Бұл өзеннің көлемі 40 мың текше метр болған. Судың көтерілуі сел тасқынына алып келді. Сел Қарғалы бөгетіне дейін барды, толқынның 10-12 метр болды, яғни судың көп көлемін бөгет ұстап қалды", - деді Ильин.

Оның айтуынша, қазір селден қорғау бөгетінің жағдайы тұрақты. Ешқандай зақымдану болған жоқ. "Секундына 10-12 текше метрмен ағып жатқан Қарғалы өзенінің арнасын бақылап отырмыз. Өзен үшін бұл өте үлкен ағыс. Селдің нәтижесінде үш аудан зардап шекті. Наурызбай батыр ауданындағы Чапаево елді мекені көбірек зардап шекті. Әуезов ауданына да ішінара зардап келді. Алатау ауданындағы Алғабас ауылының 97 үйін су басты. Сел бұл аудандарға қайта қауіп төндіріп тұрған жоқ", - деді Ильин. 

"Демалыс күндері жауын-шашынның әсерінен таулы аймақтарда өзендер арнасынан шығып кетуі мүмкін. Қазір "Қазселденқорғау" бақылап отыр. Қатердің алдын алу мақсатында қажет болса профилактикалық шаралар жүргіземіз", - деді әкім орынбасары. Ол №6 және Үлкен Алматы көлінің бақылауда екенін айтты. Ильиннің айуынша,бұл жерлерде жағдай тұрақты.

Әкімнің орынбасары SMS-хабарламаның таратылмауына да пікір білдірді. Оның айтуынша, ұялы байланыс операторлары алматылықтарға сел жөнінде sms хабарлама жіберуден бас тартқан. Бұл деректер тексеріледі.

Наурызбай ауданының әкімі Қуанышбек Қашқымбаев Қарғалыдағы су деңгейі 5-6 метрге дейін көтерілгенін айтты. Су деңгейі орнына түсе салысымен мамандар келген шығынды есептейді. "Қазір бөгетке қосымша баға берілді. Мамандардың айтуынша, ешқандай қауіп жоқ. Бөгет суды ұстап тұра алады", - деді әкім. Ол жағдайдың бақылауда екенін айтты.

Еске сала кетейік, Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзен суының деңгейінің көтерілгендігі жайлы хабар түнгі сағат 03.00-де түсті. Екі ауылды су басты - Қарғайлы және Каменка. Суды шлюз арқылы арнаға түсіру жұмыстары жүріп жатыр. Су бөгеті жарылған жоқ. Қазіргі уақытта су екі шлюз арқылы ағып жатыр. Жақын маңдағы елді мекеннің тұрғындары эвакуациялау жұмыстары жүру үстінде. Су бөгеті жарылған жоқ. Оқиға орнында құтқарушылар, полиция, ТЖД қызметкерлері және әкімпдіктің өкілдері жұмыс істеп жатыр - шамамен 440 адам. Зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ.

Өз кезегінде Алматы әкімінің кеңесшісі Сергей Куянов 05.00-де мамандардың аймақты тексеруге ұшып кеткенін хабарлады. Оның айтуынша, полиция селдің екінші толқынының жүретіні жайлы және су бөгетінің жарылғандығы жайлы әлеуметтік желіде жалған хабар таратқандарды іздестіруді бастап кеткен.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети